ДДҰ: метапневмовирус коронавирус сияқты қауіпті емес

Автор: Мақсат Әсел

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Маргарет Харрис  мәлімдеме жасады

Фото: istockphoto.com

Қазір әлем жұртшылығын алаңдатып отырған метапневмовирус (hMPV) адамзат баласы үшін аса қауіпті емес. Бұл жайында Женевада журналистермен кездескен ДДҰ өкілі айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Метапневмовирус алғаш рет 2001 жылы тіркелген. Харристің айтуынша, оның белгілері әдеттегі суық тиюге ұқсас. Басқа да вирустық аурулар сияқты иммунитеті төмен адамдарда, балалар мен қарт адамдарда ауыр өтеді.  

Бұл вирустан көз жұмғандар көрсеткіші де өте төмен.  Сондықтан ол коронавирус сияқты аса қауіпті емес.