Белгілері коронавирусқа қатты ұқсайды: Қытайда жаңа метапневмовирус тарап, ауруханалар толып кеткен

Автор: Бақыт Шынар

Қазір елдің ауруханалары сақтық үстінде отыр

Фото: istockphoto.com

Қытайда жаңа вирус - адамның метапневмовирусы (hMPV) тарап, елдегі ауруханалар науқастарға толып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy dailystar-ға сілтеме жасай отырып.

Бұл вирус коронавирус сияқты адамның өкпесін зақымдайды.

«Қазір Қытайдың ауруханалары тастай дайындықта отыр. Өйткені, елдің түпкір-түпкірінен COVID-19 белгілеріне ұқсақ ауру жұқтырғандардан хабар түсіп жатыр», - деп жазады басылым.

Дәрігерлер науқастардың көбі жөтеліп,  тамағы ауырып, тоңа бастайды дейді. Кейбір адамдардың басы айналып, әлсіз бола түседі.