Тим Кук бұл қаржыны өз атынан сыйламақ
Apple-дың бас директорынан бөлек АҚШ президентінің ұлықтау рәсімін өткізуге Toyota, Ford, General Motors, Amazon, Meta, OpenAI, Uber, Goldman Sachs, Bank of America, Kraken, Coinbase және басқа да әлемдік компаниялар ақша аудармақ.
Америкалық БАҚ өкілдерінің жазуынша, Дональд Трамптың 2025 жылдың 20 қаңтарында өтетін инаугурациясына қаржы (200 млн доллар) Джо Байдендікіне қарағанда (62 млн доллар) көбірек жиналмақ.