Сауд Арабиясына тағы да шабуыл: 1 адам қаза тауып, 8-і жараланды

Автор: Асыл Арман

Шабуылдан зардап шеккендердің бәрі ауруханаларға жеткізілді

Фото: TASS/AP/Mosa’ab Elshamy

Сауд Арабиясының Даммам қаласындағы король Фахд атындағы халықаралық әуежайға шабуыл жасалып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның мәліметінше, Даммам қаласына Йеменнің хуситтері шабуыл жасаған. Шабуылдан түрлі жарақат алғандардың бәрі ауруханаларға жеткізілді.

Сол сияқты 21 қазан күні «Шайба» мұнай шығатын орынға әуеден шабуыл жасалып, оны әуе қорғанысы күштері қағып алған. Алайда бұл шабуылдан екі адам қаза тапты.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясында жүрген отандастарымызға қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін мәлім етті.