Кейіпкердің балалық шағы түгел жасанды интеллектпен жасалған
Венеция кинофестивалінде жасанды интеллектпен жасалған алғашқы деректі фильмдердің бірі – «Батыл бол» таныстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Фильм Diesel сән брендінің негізін қалаушы Ренцо Россоның өмір жолына арналған. Онда шынайыәпкер сұхбаттар мен архивтік материалдар ЖИ арқылы жасалған көріністермен біріктірілген.
«Менің бала кезімде түскен бірде-бір суретім жоқ. Өзімнің бала бейнемді көргенде көзіме жас келді», - деді Россо.
Режиссер Франческо Карроццинидің айтуынша, картинада Ренцо Россо түскен жаңа кадр жоқ. Оның экрандағы бейнесі жасанды интеллект көмегімен жасалған. Бірақ оның шынайылығын көрермен айыра алмауы мүмкін.
«Батыл бол» фильмі Венеция кинофестивалінің байқаудан тыс бағдарламасында көрсетіліп жатыр. Фестиваль сенбі күні аяқталады. Венецияда жиналған кино саласының өкілдері жасанды интеллекттің индустриядағы рөлін талқылап жатыр.