Пәкістан СІМ-нің ресми өкілі Тахир Андраби осылай деді
АҚШ пен Иран арасындағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздер жалғасып жатыр. Пәкістан Исламабад меморандумының шарттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ахуалды, әсіресе Ормуз бұғазындағы жағдайды қалыпқа келтіру, сондай-ақ шиеленісті бәсеңдету мақсатында тараптар арасындағы келіссөздердің жалғасып жатқанын қоса кеткім келеді», - деді ол брифингте.
Дипломаттың атап өтуінше, Пәкістан «өзара түсіністік туралы Исламабад меморандумы мен 22 маусымдағы пәкістан-катар бірлескен мәлімдемесі аясында барлық келіспеушілікі жою үшін» барынша күш салсалып жатыр.
СІМ өкілі АҚШ пен Иранды «ұстамдылық танытуға және техникалық деңгейдегі келіссөздерді қайта бастау туралы өз міндеттемелерін ұстануға» шақырды.