Олар скутер мініп үйден шыққан
25-інен 26 шілдеге қараған түні Паттайяда ағасы мен қарындасы 22 жастағы Диана мен 17 жастағы Роман жоғалып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы жоғалғандардың Зарина есімді анасы хабарлап, Instagram әлеуметтік желісінде жариялаған.
«Сол түні Диана үйге оралды. Оның алдында ол өзін біреу аңдып жүргендей сезінгенін және ешқайда қыдырып бармайтынын айтқан еді. Бірақ таңғы сағат 4-тер шамасында Диана мен Роман үйден қайта шығып кеткен. Олар үйде киетін киіммен, ешқандай затсыз, сыртқа кіріп-шығуға жиналған адамдар сияқты шыққан. Содан кейін үйге қайта оралмады», - деп жазды Зарина.
Анасының айтуынша, қазіргі уақытта оларды полиция мен мейірімді жандар іздестіріп жатыр.
«Көмектесіп, ақпарат таратқан, іздеуге шыққан және балаларым үшін дұға етіп жатқан әрбір жанға шексіз алғыс айтамын. Төртінші тәулік ұйықтамадым. Әр күнім іздеумен, полициямен кездесіп, кез келген деректерді тексерумен өтіп жатыр», - деді ол.
Полиция олар мінген байкты бір тәулк өткен соң тапқан. Біреулер оны жерді қазып, көміп кеткен. Ал екі баланың жеке заттары ол жерден табылмаған.