Тағы 16 мыңнан астам тұрғын жарақат алған
Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 4 333 адамға жетті. Тағы 16 мыңнан астам тұрғын жарақат алып, мыңдаған адам әлі күнге дейін тұрақты баспанасыз отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Anadolu мәліметінше, Венесуэла Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес 11 шілдеде табиғи апат салдары туралы соңғы деректерді жариялады.
Үкіметтің ресми есебіне сәйкес, өткен айда болған жер сілкіністерінен кейін 86 794 отбасыға көмек көрсетілген.
Құтқару қызметтері 6 462 адамға көмек көрсетті. Табиғи апат салдарынан 856 ғимарат зақымданып, тағы 190 нысан толық қираған.
Билік зардап шеккен тұрғындар үшін 94 уақытша лагерь ұйымдастырған. Қазір онда 18 437 адам тұрып жатыр.
Сонымен қатар 18 мыңға жуық тұрғынның әлі де тұрақты баспанасы жоқ.
Табиғи апаттан зардап шеккендерге 9 766 тонна азық-түлік және 16,6 миллион литрден астам ауызсу таратылған.
31 мыңнан астам адам медициналық көмек алды.
Жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстарына 31 837 төтенше жағдайлар қызметкері мен 30 197 ерікті тартылды.
Сондай-ақ құтқару операцияларына 2 422 халықаралық маман қатысты.