2026 жылғы әлем чемпионатына қатысқан футболшы өлі күйінде табылды

Автор: Алмас Ерсін

Оңтүстік Африка құрамасының жартылай қорғаушысы Джейден Адамстың өліміне қатысты тергеу басталды

Фото: © istockphoto.com

Оңтүстік Африка құрамасы мен «Мамелоди Сандаунс» клубының жартылай қорғаушысы Джейден Адамс 11 шілде күні таңертең Кейптаун қаласының маңындағы өз үйінен өлі күйінде табылды. Ол небәрі 25 жаста еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, футболшының өліміне не себеп болғаны әзірге анықталған жоқ. Қазіргі уақытта осы факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Оңтүстік Африканың спорт министрі Гейтон Маккензи тергеу аяқталғанға дейін қайғылы оқиғаның себептері туралы қандай да бір болжам жасамауға шақырды.

«Оңтүстік Африка футболы ең жарқын жас таланттарының бірінен айырылды. Еліміз оның туған-туыстарымен, командаластарымен және академияның үміт күттірген тәрбиеленушісінен ұлттық құраманың толыққанды ойыншысына дейінгі жолын бірге тамашалаған миллиондаған жанкүйермен бірге қайғырып отыр», – деді Маккензи.

Джейден Адамс 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үш матчтың бәріне қатысты. Оңтүстік Африка құрамасы плей-офф кезеңіне шығып, 1/16 финалда Канададан жеңіліп қалған болатын.