Рио-де-Жанейрода екі тікұшақ соқтығысып, алты адам қаза тапты

Автор: Алмас Ерсін

Оқиға Рио-де-Жанейро маңында болған. Апаттың себептерін анықтау үшін тергеу басталды

Фото: © istockphoto.com

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында екі тікұшақтың әуеде соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy бразилиялық G1 телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 14 маусым күні таңертең қаланың батысындағы Рекрейо-дус-Бандейрантес ауданында болған.

Куәгерлердің айтуынша, тікұшақтар әуеде соқтығысып, содан кейін екі әуе кемесі де жерге құлаған.

«Бортта болғандардың ешқайсысы аман қалған жоқ», – деді Рио-де-Жанейро өрт сөндіру қызметінің өкілі майор Фабио Контрерас.

Қаза тапқандардың жеке басы әзірге жарияланған жоқ. Әуе апатының мән-жайы анықталып жатыр.