SpaceX акциялары IPO-ға шығады: Масктың компаниясындағы 4 мыңнан астам қызметкер миллионер болмақ

Автор: Бақыт Шынар

Илон Масктың компаниясындағы экс-қызметкерлер мен қазіргі қызметкерлердің дәулеті артпақ

Фото: istockphoto.com

The New York Times басылымының мәліметінше, SpaceX акциялары IPO шыққаннан кейін 4,4 мыңнан астам адам миллионер атануы мүмкін, ал 400-ге жуық қызметкер құны 100 миллион доллардан асатын активтерге ие болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл болжам аэроғарыш компаниясы жұмысшыларының арасында акциялардың қалай бөлінгенін талдаған Hill.com инвестициялық платформасының деректеріне негізделген.

Hill.com негізін қалаушы әрі бас директоры Эндрю Бенсон мұндай жағдайлар қор нарығындағы ең ірі сауда-саттықтың өзінде өте сирек кездесетінін атап өтті.