Аракчи Иранның АҚШ-пен қақтығыстан жеңімпаз болып шыққанын мәлімдеді
Иран Сыртқы істер министрінің айтуынша, ел өз мүддесін қорғап, қысымға қарамастан стратегиялық мақсаттарына қол жеткізген
Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Иранның АҚШ-пен қақтығыста жеңіске жеткенін және қазір соғысты тоқтатуға ең қолайлы кезең туғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Mehr News-ке сілтеме жасап.
«Соғысты тоқтатудың ең қолайлы уақыты – басымдық өз қолыңда тұрған кез. Біз ұрыс алаңында шынымен жеңіске жеттік», – деді Аракчи.
Ол иран халқының жеңісін даусыз факт деп атап, елдің қақтығыстан күшейіп шыққанын және оның төзімділігін шетел мемлекеттері де мойындағанын айтты.
Бұған дейін Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шариф Тегеран мен Вашингтон арасында алдын ала бейбіт келісім шарттары келісілгенін растаған болатын. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп қорытынды меморандумға 2026 жылдың маусым айының ортасында қол қойылуы мүмкін екенін айтқан.