Конгода 127 адам Эболадан өлді: дәрігерлер олармен байланыста болған адамдарды таппай жатыр
Ел бойынша 600 адамнан інден расталған
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індеті өршіп барады. Елде 127 адам осы аурудан өлсе, тағы 635 адамның дертті жұқтырғаны расталған, деп Azattyq Rýhy хабарлайды Reuters-ке сілтеме жасай отырып.
Жаңадан жұқтырғандардың ең көп саны вирустың негізгі ошағы болып отырған Итури провинциясының Монгбвалу, Буниа және Рванпара қалаларында анықталған. Ең қиыны, елде дерттен көз жұмған немесе қазір емделіп жатқан науқастармен жуық арада байланысқа мыңдаған адамның қайда екені белгісіз.
«Мамандардың бақылауында науқастармен байланыста болған 5681 адам бар. Алайда олардың тек 56,3%-ымен ғана байланыс орнату мүмкін болған, бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған деңгейден айтарлықтай төмен», - деп жазады дереккөз.
ДДҰ індеттің кеш анықталып жатқанына алаңдап, қосымша шаралар қабылдамақ.