«Өтірікші Фриц»: Facebook-те неміс канцлері Мерцті қорлап, пікір жазған адам айыппұл арқалады

Автор: Бақыт Шынар

Германия соты оған шамамен 2 мың еуродан асатын айыппұл салған

Фото: Federal Government / Steffen Kugler

Германия соты Facebook желісінде федералдық канцлер Фридрих Мерцтің атына қорлайтын пікір жазған екі адамның айыппұлын заңды деп таныды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Welt-ке пікір жаза отырып.

Мәселенің мән-жайына тоқталсақ, Мерц Хайльброн қаласына ұшқан кезде, полиция ұшуға тыйым салу туралы жазба жариялаған. Айыппұл алған адамдар сол жазбаның астына пікір жазған көрінеді.

Пікір жазған екі адамның біреуі саясаткерді «Lügenfritz», яғни «өтірікші Фриц» деп атаған. Эринген қаласының соты оған 30 күндік мөлшерлеме көлемінде айыппұл салды. Бұл шамамен бір айлық табысқа тең және 2 мың еуродан асуы мүмкін. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Тағы бір қолданушы «Ftzn Frieder» деген дөрекі лақап ат қолданғаны үшін осындай айыппұл арқалады.

Жалпы, дереккөзге сүйенсек, Хайльбронн прокуратурасы желіде жазылған 39 пікірді зерттеп, 15 пікір иесіне қатысты істі тоқтатқан.  Қалған пікірлер басқа ведомстволарға жолданған немесе әлі қаралып жатыр.

Жалпы, жазасын алған пікір иелері Германия Қылмыстық кодексінің 188-параграфы бойынша жауапқа тартыған екен.. Бұл бап саясаткерлерге қатысты қорлау мен жала жабу үшін жауапкершілікті көздейді.