Линь Ци Netflix платформасындағы атақты «The Three-Body Problem» сериалының продюсері болған
Қытайда «Yoozoo Games» компаниясының бұрынғы топ-менеджері Сюй Яо өлім жазасына кесілді. Ол өзінің бастығы, ойын магнаты әрі Netflix платформасындағы атақты «The Three-Body Problem» сериалының продюсері Линь Циді улап өлтіргені үшін айыпталған болатын. «Yoozoo Games» компаниясы ақпартты ресми түрде растап, «әділдік орнағанын» мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, қылмысқа компанияны басқару төңірегіндегі екеуара жанжал себеп болған. Линь Ци өлімінің алдында Сюй Яоның жалақысын төмендетіп, оны сериал өндірісіне қатысты істерден шеттеткен. Кек алғысы келген топ-менеджер әріптестерінің тағамы мен сусынына у қосқан. 2020 жылдың желтоқсанында 39 жастағы Линь Ци ауруханада қайтыс болып, тағы төрт қызметкер улану белгілерімен ауруханаға жатқызылады.
Сюй Яо биылғы жылдың наурыз айында өлім жазасына кесіліп, үкім 21 мамырда орындалған.
Айта кетсек, 2009 жылы Линь Ци «Yoozoo Games» компаниясының негізін қалаған. Компания League of Angels, Drakensang Online және Game of Thrones: Winter Is Coming сияқты танымал онлайн ойындарды шығарған. Оның дәулеті шамамен 941 миллион долларға бағаланған.
«The Three-Body Problem» - қытайлық фантаст-жазушы Лю Цысиньнің романы желісімен түсірілген сериал. 2024 жылы Netflix-те жарық көріп, платформадағы ең танымал жобалардың біріне айналды. Линь Ци қайтыс болғаннан кейін жобаның атқарушы продюсері болғаны жазылды.