Иран мен АҚШ әскери қақтығысты тоқтату жөніндегі құжатты қарастырып жатыр

Автор: Темірхан Айжан

Оны Пәкістан әзірлеген

Фото: Majid Asgaripour/WANA via REUTERS

Иран мен АҚШ әскери қимылды тоқтату және Ормуз бұғазын қайта ашу туралы жоспарды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

Пәкістан әзірлеген «Исламабад келісімі» деп аталатын құжат екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең, оқ атуды дереу тоқтату және жабылған Ормуз бұғазын кеме қатынасы үшін қайта ашу. Екінші кезең, 15–20 күн ішінде жан-жақты бейбіт келісімнің егжей-тегжейлі нақтылау.

Түпкілікті келісім аясында Иран ядролық қару жасаудан бас тартуға міндеттеледі. Оның орнына Тегеранға салынған халықаралық санкциялар алынып, бұғатталған активтері қайтарылады.

Пәкістан армиясының қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунир келіссөздер кезінде АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнспен және Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен тікелей байланыста болған. Қазіргі уақытта Пәкістан екі ел арасындағы жалғыз байланыс арнасы болып отыр.

Бұған дейін АҚШ Президенті Дональд Трамп қақтығысты тезірек тоқтату қажеттігін айтып, мәселе шешілмесе, оның зардабы ауыр болатынын ескерткен болатын. Әзірге Иран тарапы бұл ұсыныстарға ресми жауап берген жоқ. АҚШ пен Пәкістанның ресми өкілдері де әзірге түсініктеме беруден бас тартып отыр.

Айта кетейік, Ормуз бұғазы - әлемдік мұнай тасымалының негізгі жолы. Ондағы кез келген тұрақсыздық энергия нарығына тікелей әсер ететіндіктен, әлемдік трейдерлер бұл жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр.