АҚШ қарызды мойындамаған
АҚШ ресми түрде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ) шығу процесін аяқтады. Трамп жарлыққа бір жыл бұрын қол қойған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі ABCnews-ке сілтеме жасап.
АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлігі (HHS) мен Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, ДДСҰ «өз миссиясынан ауытқып, АҚШ мүддесіне қарсы әрекет етті». Министрлік ұйымның COVID-19 пандемиясы басталғанда жаһандық төтенше жағдайды кеш жариялағанын, кейбір шетелдік сапарларды шектеу сияқты шаралары үшін Трампты жөнсіз айыптағанын сынады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, ДДСҰ-дан шығу үшін мемлекет бір жыл бұрын хабарлама жіберіп, барлық төлемдерін өтеуі тиіс. Қазіргі уақытта АҚШ ұйымға 270 миллион доллардан астам қарыз, бірақ HHS өкілі АҚШ 1948 жылғы жарғыға сәйкес, төлем жасауға міндетті емес екенін мәлімдеді.
Ведомство өкілдері АҚШ ДДСҰ-дан шыққаннан кейін де халықаралық денсаулық сақтау саласында көшбасшы болып қала береді.