Оқиға әншінің іскерлік кездесуден шыққан сәтінде болған
Әйгілі поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің қайыршыға ақша ұстатқан сәті камераға түсіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Page Six басылымы жариялаған суреттерде әншінің Лос-Анджелесте іскерлік кездесуден шыққан кезі бейнеленген. Оған үй-күйсіз жүрген ер адам жақындап, бірнәрсе сұрауға тырысқан.
Қолына 80 мың доллардың сөмкесін ұстап, көк джинсы, ақ блузка, биік өкшелі туфли және қоңыр пиджак киген Дженнифер Лопес алғашында ер адамды елемей, өзін күтіп тұрған Cadillac Escalade көлігіне отырған.
Әнші көлікке жайғасқан соң, ер адам поп-жұлдызға деген махаббатын жеткізген. Содан соң Дженнифер Лопескөліктің терезесін түсіріп, оған аздап ақша ұстатты.