Ол бұл шешім өзгермейді дейді
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ынтымақтасатын барлық елге 25 пайыздық кедендік баж салығын енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тиісті мәлімдемені ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
Жазбада айтылғандай, «Иран Ислам Республикасымен қандай да бір деңгейде ынтымақтасатын кез келген ел АҚШ-пен жасалатын барлық мәміле бойынша 25 пайыздық баж салығын төлейді».
Трамп бұл шешімнің дереу күшіне енетінін және қайта қаралмайтынын атап өтті.