Иран президенті шерушілермен кездесті

Автор: Аягөз Құрмаш

Мемлекеттің басшысы олармен жеке кездескен

Фото: pixabay.com

Иран билігі елде болып жатқан наразылықтарды ресми түрде мойындап, шерушілермен диалог бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл жайлы Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, президент Масуд Пезешкиан наразылық білдірушілердің өкілдерімен жеке өзі кездескен.

«Үкімет наразылықтарды мойындап, олардың өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Ал президент олармен тікелей кездесу өткізді», - деді министр.