Блогер Садыр Жапаровпен «құшақтасып тұрған» суреті үшін айыппұл арқалады

Автор: Аягөз Құрмаш

ЖИ арқылы жасалған фотосурет дау тудырды

Фото: https://vesti.kg/

Қырғызстанда Акума есімді блогер Садыр Жапаровтың бейнесі бар сурет жариялағаны үшін айыппұл төледі. Бұл туралы оның адвокаты Шердор Абдыкапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Блогер жасанды интеллектінің көмегімен президентпен бірге түскендей көрінетін фотосурет жасап, оны әлеуметтік желілерде таратқан. Сурет қоғамда қызу талқыланып, кейін Бішкек қалалық ішкі істер басқармасы тарапынан тексеріске алынды.

Тексеру нәтижесінде блогер анықталып, Октябрь аудандық сотына түскен. Сот шешімімен оған 5 500 сом (27500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Адвокаттың айтуынша, соттың бұл шешімі гуманистік сипатта. Себебі аталған бейне мазақ ету элементтері бар деп танылып, заң бойынша жазаланатын әрекетке жатады.