Ол нағыз некенің мәнін түсіндірген
Рим папасы Лев XIV мәлімдемесінде ерлерге бақытты болу үшін бір ғана әйел жеткілікті екені айтылды, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
Reuters хабарлағандай, Ватиканның жоғарғы діндік басқармасы әлемдегі 1,4 миллиард католикті өмір бойына бір адаммен некеде болуға шақырған. Рим папасы бекіткен жаңа нұсқауда көп әйел алудан, көп адаммен қарым-қатынаста болудан аулақ болу ескертілген.
Құжатта Африкадағы көп әйел алу тәжірибесі, соның ішінде шіркеу мүшелері арасында кездесетін жағдайларға қатысты сын айтылып, некенің тек ер мен әйел арасындағы өмір бойғы міндет екені атап көрсетілді.
«Нағыз неке – екі адамның бірлігі, олардың бір-бірімен тығыз байланысқаны сонша, ол жерде үшініші адамға орын жоқ», - делінген құжатта.
Құжатта ажырасу мәселесі қарастырылмаған, себебі шіркеу некені өмір бойғы міндет деп санайды. Дегенмен шіркеуде неке жарамсыз деп танылуы мүмкін процедура бар, онда некелер дұрыс рәсімделген бе және серіктестер зорлық көрмейтін қатынастарда болуға тиіс пе, соны тексереді.
Бұған дейін Рим папасы Лев XIV біржынысты некелерді қолдамайтынын мәлімдеген.