$ 516.16  584.86  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразада ата-анасы қайтыс болған үш әпкелі-сіңілі пәтерді бөлісе алмай, бір-бірімен соттасты

Тараз қалалық сот оқиғаның мән-жайын, сот ұйғарымын жариялады

Таразада ата-анасы қайтыс болған үш әпкелі-сіңілі пәтерді бөлісе алмай, бір-бірімен соттасты
Фото: «ChatGPT» қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді

Таразада ата-анасы қайтыс болғаннан кейін үш әпкелі-сіңілі пәтерді бөлісе алмай, сотқа жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық сот мәліметіне жүгінсек, талап қоюдың себебі ата-анасы қайтыс болғаннан кейін қалған пәтердегі үлестерді анықтау, пәтерді жекешелендіруге қатысушыларды анықтау, жылжымайтын мүлікті жекеменшік деп тану және мұрадан шығару туралы талаптар болды.

«Азаматша В. соттан даулы пәтерді 2014 жылы қайтыс болған анасының жеке меншігі деп тануды және 2015 жылы қайтыс болған анасының жұбайының мұрагерлігінен бас тартуды сұрады.

Сот жүргізген татуластыру рәсімдерінің нәтижесінде тараптар келісімге келіп, медиативтік келісім жасасты және сот оны бекітті. Келісімге сәйкес, апалы-сіңілілердің әрқайсысы пәтердің 1/3 бөлігінің мұрагері ретінде танылады. Л. өзінің үлесін әпкесі В.-ға беруге міндеттенді. Азаматша А. 2025 жылдың соңына дейін өз үлесін 3 млн теңгеге В.-ға сататын болды.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енді», - делінген Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары