30.04.2025, 09:24
Жаңалықтар
Түркияда алаяқтық бойынша іздеуде жүрген ер адам Алматы әуежайында қолға түсті
Күдікті 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінен бой тасалаған

Фото: Polisia.kz
Түркияның құқық қорғау органдары алаяқтық бойынша іздеу салған ер адам Алматы әуежайында ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ІІМ мәліметінше, Алматы қаласының халықаралық әуежайында ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 67 интернет-алаяқтық фактісі бойынша Түркияның құқық қорғау органдарымен халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады.
«Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сату туралы жалған интернет-жарнама арқылы жәбірленушілерді алдап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінен бой тасалаған.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамап отыр», - делінген хабарламада.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
05.05.2025, 10:40
Түрікменстанда жас келіннің пәк екенін көру үшін туыстары жігіттің үйіне жиналған (ВИДЕО)
05.05.2025, 17:56
«Әннің сөзіне мән бермейді»: Қайрат Нұртас мұңды әніне секіріп билеймін деп сынға қалды (ВИДЕО)
05.05.2025, 10:22
Жерлестері ұшақ сыйлаған: екі мәрте Кеңес одағының батыры атанған ұшқыштар туралы не білеміз
Бүгін, 09:50
«Екі кроссовкиі екі жақта жатыр»: Ақмолада алты жасар Жандәулеттің із-түзсіз жоғалғанына бір апта болған
05.05.2025, 12:21
«Вахтер мен кітапханашы кінәлі»: Жамбылдағы Құланды мектебінің кітапханасы алтын сататын базарға айналған
05.05.2025, 21:52
Мен сияқтылар киноны «бардак» қылды – Қанат Әлжаппаров (ВИДЕО)