$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда қымбат көлік мінген адам әл-Фарабидің бойымен 288 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті (ВИДЕО)

Ол жоғары жылдамдықпен жүріп бара жатып, видеоға түсіріп отырған

Алматыда қымбат көлік мінген адам әл-Фарабидің бойымен 288 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Алматыда сағатына 288 шақырым жылдамдықпен жүрген жүргізушінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаға назар аударсақ, әл-Фараби даңғылының бойында кетіп бара жатқанын әрі қолдарына қарап, ер адам екенін аңғаруға болады. Ал видеоны жүргізушінің өзі жоғары жылдамдықпен кетіп бара жатып түсірген.

Оқиғаның қашан болғаны әзірге белгісіз. Жүргізушінің бұл әрекеті желі қолданушыларының ашуын тудырды.

«Жүргізуші куәлігінен 7 жылға айыру керек», «Мұндай адамдар автобуспен қана жүруі тиіс», «Бұл – қала. Өзінің ғана емес басқа адамдардың да өміріне қауіп төндірді», «Жақында қаланың ішінде 106 км/сағ жылдамдықпен жүріп едім, 78 мың теңге айыппұл келді, мына адам қалай жазаланады екен?» - деп жазды желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары