$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«BI Group» пен «Bazis A» Бектеновті тыңдады ма: құрылыс компаниялары бюджетке қосымша 16,5 млрд теңге салық төлеген

Премьер-министр оларға екі апта уақыт берген еді

«BI Group» пен «Bazis A» Бектеновті тыңдады ма: құрылыс компаниялары бюджетке қосымша 16,5 млрд теңге салық төлеген
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстандағы құрылыс компаниялары мемлекеттік бюджетке 16,5 млрд теңге қосымша салық төлеген. Олардың ішінде BI Group пен Bazis A да бар, деп жазады Azattyq Rýhy

«Екі апта ішінде төлемесеңіздер, әңгіме басқаша болады»

Естеріңізге сала кетейік, биыл жыл бастала сала Қазақстанның салық органдары «терең ұйқыдан оянып», бюджетке салық төлемегендердің тізімін жариялай бастады. Миллиардтап салық төлемеген блогер мен әншілерден бөлек, Қазақстанда ірі құрылыс компанияларына ие олигархтар да салықтан жалтарып келгені белгілі болды. Оны біз емес, премьер-министрдің өзі де ашық айтып, ақпан айының соңында құрылыс компанияларына қабақ шытытқан еді.

Дәлірек айтсақ, қолында салықтан жалтарған құрылыс компанияларының тізімі бар екенін мәлім еткен Бектенов ең ірі құрлысшылар - BI Group пен Bazis A компанияларының атын атады. Оларға 28 ақпаннан бастап санағанда екі апта уақыт беріп, қосымша салық декларациясын тапсыруды жүктеген.

Осыған байланысты біз премьер-министрдің өзі мен Қаржы министрлігіне ресми сауал жолдай отырып, ірі компаниялар екі апта ішінде салық төледі ме деген сұрақтың жауабын іздедік.

Бірінші болып қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен жауап келді. Құзырлы орган әрбір компанияның ақшасын жеке санап бермесе де жалпы елдегі біраз нысан бюджетке қосымша қанша салық төлегенін жария етті.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік бюджетке 27 млрд.теңгеден астам төленді, оның ішінде құрылыс компанияларынан – 16,5 млрд. теңге (оның ішінде BI Group пен Bazis A), сауда ұйымдарынан - 2,8 млрд. теңге, қызмет көрсету саласында – 2,1 млрд. теңге, басқа салалардан – 5,6 млрд. теңге.  Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», - деп жауап берді МКК.

Серіктес жаңалықтары