21.10.2025, 23:48
Спорт
«Қайрат» пен «Пафос» тең ойнады
Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтті
Фото: «Қайрат» футбол клубы
«Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өз алаңында Кипрдің «Пафос» клубымен тең ойнады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
90 минутқа созылған матчта қос команда да есеп аша алмады. «Пафос» 10 футболшымен ойнады. Матчтың алтыншы минутында «Пафос» ойыншысы қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған болатын.
Топтың кезеңнің үшінші турындағы матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Ойын Астана уақытымен 21:45-те басталды. Кездесуді республикалық «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.
Бұған дейінгі турларда «Қайрат» «Спортингке» 1:4 есебімен, ал «Реалға» 0:5 есебімен есе жіберген болатын. Ал «Пафос» «Олимпиакоспен» 0:0 есебімен тең ойнап, «Бавариядан» 1:5 есебімен ұтылған.
Көп оқылған
23.10.2026, 15:58
«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)
23.10.2026, 10:47
Балқаштың жерін тас-талқан етіп қазып тастаған жігіт ұзақ жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)
23.10.2026, 09:39
«Бүгінге дейін 20 үй алатын ақшам болған шығар»: танымал актер мүшкіл жағдайын еске түсіріп, жылап қалған (ВИДЕО)
23.10.2026, 16:16
«Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО)
23.10.2026, 12:45
18 градус суық: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы суытып, қар жауады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды