25.06.2025, 02:17
Спорт
Қазақстан байдарка мен каноеде есуден әлемдік турнирде қола медаль жеңіп алды
Турнирге тоғыз елдің спортшылары қатысты
Фото: Olympic.kz
Қазақстан құрамасы Минскіде өткен байдарка мен каноеде есуден халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Минск қаласында (Беларусь) байдарка мен каноеде есуден өткен халықаралық «Мықтылар кубогы» турнирі өз мәресіне жетті.
Бұл дүбірлі додада Қазақстан құрамасының спортшылары жүлделі орыннан көрінді. Атап айтқанда, 500 метр қашықтықтағы екілік байдарка сайысында Татьяна Токарницкая мен Ольга Шмелева жұбы қола медаль жеңіп алды.
Жеңімпаздар жарыс тұғырының үшінші сатысына көтеріліп, Қазақстанның намысын абыроймен қорғады.
Турнирге барлығы тоғыз елдің спортшылары қатысты.
Көп оқылған
07.09.2026, 12:47
Алматыда екі науқас жындыханадан қашып кеткен: оларды бірнеше айдан бері іздеп жатыр
07.09.2026, 13:17
Щучьедегі алапат жарылыс: 12 адамның қазасына кінәлі дәмхана иесі 7 жылға сотталды
07.09.2026, 16:10
Астананың қақ ортасында Porsche көлігінің жүргізушісі 197 км/сағ жылдамдықпен жүрді
07.09.2026, 14:37
Алматыда тауға шыққан қыз баланы құтқарушылар арқалап түсірді (ВИДЕО)