Александр Бублик қазақстандықтардан кешірім сұрады

Azattyq Rýhy

Спортшы Париж Олимпиадасындағы жеңілісінің себебін түсіндірді

Александр Бублик қазақстандықтардан кешірім сұрады
Фото: Владислав Семенов

Теннисші Александр Бублик жұптық сындағы жеңілістен соң шағын сұхбат беріп, Париждегі сәтсіздік себебін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл нәтижемізге баға беру қиын. Әрине, мүмкіндік болды. Бірнеше рет брейк-пойнт болды, бірақ оны жүзеге асыра алмадық. Теннис қой, енді. Медальді айтпағанда, жеңіске жетудің өзі қолдан келмеді. Қазақстандықтардан бірнеше ойында жеңе алмағаным үшін кешірім сұраймын», - деді спортшы.

Еске салайық, Париж кортында жарысқа түскен Александр Бублик пен Александр Недовесов жеңіліп қалды. Олар жұптық сайыстың бірінші айналымында Бразилиядан келген Тьяго Монтейро/Тьяго Сейбот Уайлд жұбына есе жіберді.

«Сашамен (Недовесов - ред.) соңғы рет 2022 жылы ойнадым. Жұптасып жаттығуға да мүмкіндік болмады. Бірге ойнайтын тәжірибеміз аз. Бірақ бұл да ақталу емес», - деді Бублик. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.