27.07.2024, 15:28
Спорт
Абиба Әбужақынова қарсыласын 17 секундта жеңіп, ширек финалға шықты
Ол қарсыласын иппон әдісімен жеңді
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
Дзюдодан отандасымыз Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
48 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз екінші кездесуінде қытайлық Тайпей өкілі Чен Хао Линді иппон әдісімен жеңді. Оған жеңіс үшін бар болғаны 17 секунд қажет болды.
Отандасымыздың қарсыласы енді анықталады.
Осылайша, Абиба Әбужақынова Олимпиада ойындарының үздік сегіз дзюдошысының қатарына енді.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды