Саяси ұран көтерген Аргентина футболшыларына қатаң жаза қарастырылып жатыр - ФИФА
Бұған дейін де команда 20 000 фунт стерлинг айыппұл төлеген еді
Әлем чемпионатының жартылай финалында Англияны ұтқан Аргентина құрамасының басы дауға қалды. ФИФА матч аяқталғаннан кейін Фолкленд аралдарына қатысты саяси баннер көтерген аргентиналық футболшыларды қатаң жазалуым мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.
Жартылай финалда Лионель Скалонидің командасы Англияны 2:1 есебімен жеңді. Аргентиналықтар екі голды да матчтың соңғы минуттарында соқты. Жексенбі күні өтетін финалда Аргентина құрамасы Испаниямен кездеседі.
Ойын аяқтала салысымен Аргентина ойыншылары алаңда «Фолкленд аралдары - Аргентинаныкі» (Las Malvinas son Argentinas) деген жазуы бар баннерді ұстап, жеңісін тойлады. Олардың әрекетін елдің вице-президенті Виктория Вильярруэль қолдаған.
Аргентинада Мальвин аралдары деп аталатын Ұлыбританияның иелігіндегі Фолкленд аралдары екі мемлекет арасындағы ежелгі даулы аймақ. 1982 жылы 74 күндік қанды соғыста 900-ден астам адам қаза тапқан болатын.
ФИФА ережелеріне сәйкес, стадиондарда кез келген саяси ұрандар мен мәлімдемелерге қатаң тыйым салынған. Алайда Аргентинаның бірінші рет ереже бұзып тұрған жоқ. 2014 жылы ФИФА Аргентина футбол қауымдастығына Словениямен өткен жолдастық кездесуде дәл осындай баннер көтергені үшін 20 000 фунт стерлинг айыппұл салған болатын.
Айта кетейік, ойын алдында Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони футболшыларды саясаттан аулақ болуға шақырған еді. Алайда ойыншылар бапкер сөзін елемей, саяси акция ұйымдастырды. Қазіргі уақытта ФИФА-ның тәртіптік комитеті оқиға бойынша тергеу бастау мәселесін қарастырып жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, Аргентина футбол қауымдастығына ірі көлемде айыппұл салынуы немесе басқа да санкциялар қолданылуы мүмкін.