Бүгін, 00:17
Спорт

Елена Рыбакина «Ролан Гарроста» күтпеген жерден жеңіліп қалды

Рыбакина турнирдің екінші айналымында жеңіліс тапты

Елена Рыбакина «Ролан Гарроста» күтпеген жерден жеңіліп қалды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) «Ролан Гаррос»-2026 турнирінде күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Екінші айналымда Рыбакина украиналық Юлия Стародубцевамен (55-орын) кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша сенсациялық түрде есе жіберді — 3:6, 6:1, 6:7.

Осылайша, Елена турнирдегі жарыс жолын мерзімінен бұрын аяқтады. Ал қарсыласы жарыстың үшінші айналымына өтті.

Еске салайық, Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатындағы алғашқы ойынында словениялық Вероника Эрьявецті (84-орын) сенімді түрде жеңген еді — 6:2, 6:2.

Айта кетейік, Рыбакинаның «Ролан Гарростағы» мансабындағы ең үздік нәтижесі — ширек финал. Қазақстандық теннисші бұл кезеңге 2021 және 2024 жылдары дейін жеткен.