$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.06.2020, 13:25
Қоғам

«Абай» және «әл-Фараби»: Қазақстанда жаңадан екі телеарна ашылады

Телеарналардың біреуі ертең, біреу жаңа оқу жылының қарсаңында іске қосылмақ

«Абай» және «әл-Фараби»: Қазақстанда жаңадан екі телеарна ашылады

Қазақстанда «Аба-ТВ» және «әл-Фараби» атты екі жаңа мемлекеттік телеарна ашылады. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті.

Оның айтуынша, «Абай-ТВ» телеарнасы ертең, 30 маусым күні жұмысын бастағалы отыр.

«Телеарна «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «отбасына» кіретін телеарна және ол отандық мәдениеттің байлығы мен мұрасына арналған салалық арна болады», - деп мәлім етті Балаева.

Ал, «әл-Фараби» атты арна алты жастан бастап, 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің телеарнасы болмақ. Ол оқу жылының қарсаңында «Хабар» агенттігінің базасында жұмысын бастайды.

«Оқу жылының қарсаңында ашылатын «әл-Фараби» телеарнасы балалар мен жасөспірімдердің аудиториясына арналған (6-18 жасқа - агенттік) білім бері, ағарту бағытындағы арна болады. Мұндай телеарнаның керек екенін пандемия жағдайында түсіндік», - дейді Балаева.

Серіктес жаңалықтары