$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.06.2020, 13:55
Қоғам

Жергілікті идеологтар бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарауы керек - Аида Балаева

Ол әкімдіктер жанынан арнайы жұмыс топтары құрылуы керек деп жазды

Жергілікті идеологтар бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарауы керек - Аида Балаева
Фото: ашық дереккөзден

Жергілікті идеологтар мемлекетіміздің басты басымдықтарын ұмытпай, бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарауы керек. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қазақстан - зайырлы мемлекет, сондықтан Конституция барлық азаматтарға бірдей құқық, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге кепілдік береді. Оның ішінде біз әлеуметтік желілердегі біреудің ар-намысына тиетін түрлі жазбалар туралы айтып отырмыз. Бұл, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жасалған бейнебаянға да қатысты. Жергілікті идеологтар мемлекетіміздің басты басымдықтарын ұмытпай, бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарау керек деп санаймын», - деді министр.

Ол әкімдіктер жанынан арнайы жұмыс топтары құрылып, мемлекеттік тапсырыспен жасалатын өнімдерді бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланбас бұрын егжей-тегжейлі талдап, іріктеп алғаны дұрыс екенін жазды.

Серіктес жаңалықтары