$ 538.54  628.31  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.04.2025, 10:42
Қоғам

Табысы жоғары қазақстандықтар МӘМС жарнасын көбірек төлеуі мүмкін

Заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр

Табысы жоғары қазақстандықтар МӘМС жарнасын көбірек төлеуі мүмкін
Фото: egemen.kz

Қазақстанда жалақысы жоғары азаматтар МӘМС жарналарын көбірек төлеуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі жарнаны есептеу базасының жоғарғы шегін 50 ең төменгі жалақыға дейін арттыруды ұсынып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр.

«МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жарналарын есептеу базасының жоғарғы шегін (10-нан 50 ЕТЖ-ға дейін) арттыру ұсынылады. Бұл өзгерістер барлық жалдамалы қызметкерлердің шамамен 9%-ына немесе 508 мыңға жуық адамға және олардың жұмыс берушілеріне қатысты болады. Себебі қазіргі кезде табысы жоғары адамдар пропорционалды түрде аз төлейді», - дейді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Оның айтуынша, әлемдік тәжірибеде табыс деңгейі бойынша шектеу еш жерде қолданылмайды. Осылайша министрлік МӘМС жарналарының регрессивті салық салуынан бірыңғай шкалаға көшуді жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары