$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.04.2025, 14:24
Қоғам

Қазақстандықтар eGov mobile қосымшасынан өз атына қанша SIM-карта тіркелгенін біле алады

Оны ЖСН арқылы тексеруге болады

Қазақстандықтар eGov mobile қосымшасынан өз атына қанша SIM-карта тіркелгенін біле алады
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда бір адамның атына неше SIM-карта тіркелгенін көрсететін жаңа қызмет іске қосылды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа сервис eGov mobile мобильді қосымшасында пайда болды.

«Қазір Egov-қа кіріп, өз ЖСН-іңізді жазып, сіздің атыңызға қанша телефон нөмірі тіркелгенін біле аласыз. Егер сіз пайдаланып жүрген нөмірден көп нөмір тіркелсе, ұялы байланыс операторына хабарласып, себебін анықтауға болады», - деді Мәдиев Мәжіліс кулуарында.

Естеріңізге салайық, цифрлық даму министрлігі бір адамға сатылатын SIM-карталардың санын шектеуді ұсынып отыр. Қазір тиісті норма енгізілген заң жобасы Мәжіліс депутаттарының қарауында жатыр.

Серіктес жаңалықтары