$ 520.91  544.25  5.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.12.2024, 12:15
Қоғам

Жалақысы – 1,2 млн теңге: «Қазпошта» басшысы «премия» алуға ұялатынын ашық айтты

Компания басшылығы Жаңа жылға ешқандай сыйақы мен бонус алмайды

Жалақысы – 1,2 млн теңге: «Қазпошта» басшысы «премия» алуға ұялатынын ашық айтты
Фото: видеодан скриншот

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова өзінің бір айлық жалақысының мөлшері мен неліктен сыйақы алуға ұялатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәжіліс кулуарында Azattyq Rýhy тілшісі «қазір қоғам мемлекеттік органдардан, ұлттық компаниялар мен холдингтерден ашықтықты талап ететінін атап өтіп, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасынан айына қанша жалақы алатынын» сұрады.

«Ашық түрде атайын, мен 1 млн 200 мың теңге аламын. Барлық басқа да ұлттық компаниялардың деңгейінде деп білемін. Мұны жасыратындай себеп жоқ», - деді Жанасова.

Ол компания басшылығы қазір ешқандай сыйақы да, бонус та алмайтынын айтты. Оның себебін де түсіндіріп өтті.

«Бізде «Қазпоштада» дағдарысқа қарсы жоспар бар. Қаржы жағынан 2023 жылы аздап плюске шықты. Біз бонус пен премия алмаймыз. Ондай жағдайымыз жоқ. Жаңа жылда да сыйақы болмайды. Біздің бес жылдық жоспарымыз бар. Егер бес жылда поштаны аяғына тұрғызып, алып шықсақ, сол жоспарды орындасақ, сонда қарастыратын шығармыз. Бірақ қазір шыны керек, мен ұяламын. Менің жағдайым емес, поштаның жағдайы бірінші орында. Көтеретін болсам, мен бірінші кезекте ауылдағы пошташылардың, сұрыптаушылардың жалақысын көтеремін, соларға «премия» төлеймін. Осы жылы екі рет сыйақы бердік. Былтыр да жалақыдан басқа үш рет сыйақы бердік. Сондықтан біз әрдайым жұмысшыларымызды қолдаймыз. Бұл бірінші міндет», - деп мәлімдеді «»Қазпошта» басшысы.

Серіктес жаңалықтары