03.12.2024, 13:16
Қоғам
Оқулықтағы қатеге кім кінәлі – министр жауап берді
Былтыр қатемен шыққан 8 оқулық жөнделген
Фото: istockphoto.com
Оқулықта кеткен қателер үшін баспалар жауапкершілік алады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның сөзінше, былтыр оқулықта кеткен қателер бойынша 26 резонансты ақпарат шыққан, оның 11-і расталған.
«Қате кеткен 11 кітаптың 8-ін ауыстырдық, қалғанын баспалар биыл ауыстырып жатыр. Оқулықтардағы қателерді болдырмау үшін кәсіпорындардың жауапкершілігі заңды тұрғыда күшейтіліп жатыр. Оқулық қате күйінде басылатын болса, баспа өз қаржысы есебінен қателіктерді жөндеуге міндетті», - деді Ғани Бейсембаев.
Министр мектеп бағдарламасын жаңарту үшін жаңа мемлекеттік стандарт талқыланып жатқанын атап өтті.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты