20.11.2024, 07:05
Қоғам
Елордада ер адам зергерлік бұйым сататын дүкенде ұрлық жасады
Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде елордалық полицейлер қаланың ірі сауда үйлерінің бірінде алтын жүзік ұрлаған 30 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Күдікті зергерлік бұйым сататын дүкенге сатып алушы ретінде кіріп, жүзіктерді саусағына киіп көрген. Кейін ол сатушының назарын аударып, бір алтын жүзікті қалтасына жасырған. Оның бұл әрекеті бейнекамераға жазылған.
Полиция қызметкерлері қылмыскерді өз үйінен ұстап, ұрланған затты сол жерден тапты.
Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады.
Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)