19.11.2024, 20:12
Қоғам
Қостанай облысында итке пышақ сұққан ер адам ұсталды
Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Фото: Polisia.kz
Рудныйда ер адам айуандықпен итті жарақаттаған. Оқиғаға куә болған жергілікті әйел жануарды қорғау үшін дереу полиция шақырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Полиция 41 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, мән-жайлар анықталып жатыр.
«Жануарларға қатыгездікпен қарау қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. Ол үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл (738 мың теңге), түзету немесе қоғамдық жұмыстар (200 сағатқа дейін) тағайындалуы мүмкін, ал кей жағдайларда 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)