$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талғардағы «хутор» бандасы туралы сұхбат берген адамды полиция ұстап әкеткен

Ол ауруханаға түскені белгілі болып отыр

Талғардағы «хутор» бандасы туралы сұхбат берген адамды полиция ұстап әкеткен
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Алматы облысының полиция департаменті журналист Асхат Ниязовтың репортажында «Хутор» бандасы туралы сұхбат берген ер адамды полиция ұстап әкеткенін растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алматы облысы полиция депратаменті бұрын соттың үкімімен қоғамдық қауіпті іс-әрекеті үшін қылмыстық жауапкершіліктен босап, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына тартылған азамат К.-ны полиция қызметкерлері ұстағанын мәлімдейді», - делінген департаменті хабарламасында.  

Айта кетейік, журналист Асхат Ниязовтың Талғардан жасаған репортажы түнде желіге жүктелген. Түсте Асхат Ниязов репортаж кейіпкерлерінің бірін полиция ұстап әкетті деген ақпарат таратты. Кейін облыстың полиция департаменті бұл азамат құжаттардың мерзімі өтіп кеткен соң, оны ауыстырып келемін деп кетіп, ауруханаға қайта оралмағанын хабарлаған. Сондықтан, полиция 21 қазанда полиция қызметкерлерімен ұсталып, тағайындалған емді жалғастыру үшін қайта емдеу мекемесіне жеткізгені белгілі болып отыр. 

Серіктес жаңалықтары