«Ата-анасын жазалаймыз»: Зайсанда қыз балаға буллинг көрсеткендер мектеп оқушылары болып шықты (ВИДЕО)
Оқушылар профилактикалық есепке қойылған
Зайсанда үш бойжеткен оқушы қызды қатты боқтап, ұрып, тізерлетіп қорлық көрсеткен. ШҚО полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жанжалдың барлық қатысушылары анықталды. Кәмелетке толмағандар полицияға ата-аналарымен бірге жеткізіледі. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.Сонымен қатар, барлық қатысы бар құқық бұзушылардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жауапкершілігі туралы мәселе қаралатын болады.Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберу үшін материал дайындалуда. Барлық кінәлілер профилактикалық есепке алынады.», - деп хабарлайды ШҚО полиция департаменті.
Айта кетейік, редакция осы оқиғаны жазып, ішкі істер министрлігіне сұрау жіберген болатын.