Қорасында есірткі сақтаған ШҚО тұрғыны ұсталды
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Алтай ауданының полицейлері құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары Алтай өңірінің 46 жастағы тұрғынының үйін шұғыл тінту барысында қора ішінен салмағы 15 келіден асатын кептірілген марихуана мен салмағы 3 келіден асатын қарасора өсімдігі тауып, тәркіледі.
«Барлық заттай дәлелдер зертханалық сараптамаға жіберіліп, оның есірткі заты екені расталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген хабарламада.