20.09.2024, 09:42
Қоғам
Қызылорда полициясы көше шамдарын сындырған екі оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғады (ВИДЕО)
Қыздардың біреуі 12-жаста болса, екіншісі 16 жастағы жасөспірім бала
Қызылорда қаласының полициясы көше шамдарын сындырған екі оқушы қызға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, полиция екі қызды бейнебақылау камералары арқылы тапқан.
«Инспекторлар көше шамдарын сындырып жатқан екі жасөспірімді байқап, оқиға орнына жақын маңдағы полиция қызметкерлерін жіберген. 12 және 16 жастағы екі жасөспірім қыз ұсталды. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Осы дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Полиция қыздардан бөлек, олардың ата-анасын да жауапқа тартамыз дейді.
Көп оқылған
09.09.2026, 10:10
Оралда ер адам танысын асқан жауыздықпен пышақтап өлтіріп, сотта өзін қорғадым деп ақталған
09.09.2026, 12:05
«Бес қабат үйдің материалымен 9 қабат үй салып жіберген»: Ұлдана Мырзуанның сотында сарапшы сұмдық мәліметті жария етті
09.09.2026, 14:32
Бір топ еркекпен жеке қалған: ақтөбелік әйел қызының көзінше тікелей эфирде былапыт сөйлеген (ВИДЕО)
09.09.2026, 13:37
Баян Алагөзова дінге қатысты желідегі жазбасы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады