Халықтық штаб өкілдері ШҚО-да бірқатар кездесу өткізді
Өскемен қаласының жанындағы Согра ауылының тұрғындары штаб өкілдеріне мазалаған сұрақтарын қойды
АЭС салуға қатысты Шығыс Қазақстан облыстық штаб өкілдері аймақ тұрғындарымен кездесіп, атом электр станциясын салуға қатысты тұрғындардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Елімізде АЭС құрылысына қатысты референдум өтетіні белгілі болған соң сан түрлі пікір айтылып жатыр. Біз дәлелсіз сөздерге емес, дәйекті ойларға тоқталуымыз қажет. Сондықтанда 6 қазан күні жалпыұлттық референдумға қатысып, өз таңдауларыңызды жасаңыздар. Әркімнің пікірі мен таңдауы маңызды болмақ» - дейді Халықтық штаб мүшесі Анжела Горностаева.
Жалпы әлемдік тәжірибеге сәйкес, атом электр станцияларын пайдалану кезеңінде орта есеппен жоғары және орта арнаулы білімі бар 2000-ға жуық адамнан тұратын қызметкерлерді тарту қажет болады.
Шығыс Қазақстан облыстық Халықтық штабтың мүшелері сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі «Шығыс Қазақстан облысының және Абай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесті.
Штабтың мүшесі Михаил Осиповтің айтуынша, еліміз қауіпсіздік талаптарына толық сай келетін жаңа буындағы III немесе III + атом электр станцияларын салу мүмкіндігі қарастырып жатыр.