$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.09.2024, 21:47
Қоғам

Алматыда қайырымдылық қорынан баспана алып беруге уәде берген алаяқ ұсталды

Ер адам кем дегенде бес адамды алдаған

Алматыда қайырымдылық қорынан баспана алып беруге уәде берген алаяқ ұсталды
Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 29 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық әрекетке барып, бірнеше адамды шығынға батырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ер адам кем дегенде бес адамды алдады деген күдікке ілінді.

«Заңсыз әрекеттер баспанаға мұқтаж бірнеше азаматтың ірі көлемдегі ақшасын жоғалтқан кезде белгілі болды. Олар, өзін қайырымдылық ұйымдарының бірінің қызметкерімін деп таныстырған бейтаныс адамға 7 миллион теңге берген. Алаяқ оларға қайырымдылықтан және қордан баспана беруге уәде берді. Алайда, баспана да жоқ, ақша да жоқ. Жедел іс-шаралар жүргізіліп, күдікті ұсталды», — деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына орнатылды.

Полиция күдіктінің заңсыз әрекетінен зардап шеккендерді мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-702-646-43-46 және 8-702-066-50-73.

Серіктес жаңалықтары