05.09.2024, 12:11
Қоғам
Қазақстанда заңсыз ұтыс өткізген 6,6 мың сайт бұғатталған
Тағы 1,2 мыңнан астам ресурсқа қатысты іс өңделіп жатыр
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Жыл басынан бері Қазақстанда заңсыз лотерея өткізген 6 639 ресурс бұғатталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, осы істер аясында 48 жеке тұлға жауапқа тартылған. Бас-аяғы 103 хаттама тіркелген екен.
«Бас прокуратура, Қаржы мониторинг агенттіні мен ішкі істер министрлігі бірлесе отырып, заңсыз қызмет белгілері бар 11 417 интернет-ресурсты анықтады. Оның ішінде 6 639 ресурс бұғатталды, 1 237-сі өңдеу сатысында, 1 961-і қолжетімсіз, 1 353 ресурстың жұмысы заңды болған, ал 227-сі ашылмай жатып, бұғатталған», - деп хабарлайды туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:00
Жабал Ерғалиев: Отанға деген сүйіспеншілік үлкен сөздерден емес, күнделікті қарапайым істерден басталады
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды