Алматыда зағип жанды жетектеуші итімен бірге сауда орталығынан қуып шыққандар кешірім сұрады
Күзеттің әрекетіне қазақстандықтар наразылық танытқан болатын
Алматыдағы MOSKVA metropolitan сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі зағип жігіттен және оның жетектеуші иті үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Біз Филипп және Олдермен кездесіп, кешірім сұрадық», – делінген сауда орталығының әлеуметтік желідегі хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде сауда орталығының күзет қызметкерлерінің зағип ер адамды жетектеуші итімен бірге «сауда орталығынан шығарғаны» туралы ақпарат тараған болатын.
Күзеттің әрекетіне қазақстандықтар қатты наразылық танытып, пікірлерде өз ашуларын білдіріп, сауда орталығына бойкот жариялау керек деп мәлімдеді. Әлеуметтік желілердегі шу СОО әкімшілігін ресми мәлімдеме жасауға мәжбүр етті.
«22 тамызда шамамен 20:50-де СОО-ға бір адам және оның серігімен бірге ит кірді. Қонақтар екінші қабатқа көтеріліп, фуд-кортта тамақ ішпек болған еді, алайда басқа келушілер тамақтану аймағында иттің болғанына наразылық білдіре бастады. Кейін күзетшілер дауыс көтермей, жағдайды түсіндіріп, басқа келушілерді, әсіресе кішкентай балаларды қорқытпау үшін итті шығарып салуды өтінді», – деп хабарлады ТРЦ әкімшілігі.
Айта кету керек, Электрондық үкімет сайтында, тамақтану орындарына, сауда және өндірістік залдарға, мәдени мекемелерге иттердің, жетектеуші иттерден басқа, кіруіне тыйым салынады деп көрсетілген. Егер тыйым салатын белгілер болмаса, итпен бірге азық-түлік емес дүкендерге, поштаға және басқа да орындарға баруға болады. Ит міндетті түрде тұмылдырықпен және қысқа қарғыбаумен болуы тиіс.