13.08.2024, 17:50
Қоғам
Астана V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге дайын ба
Жеңіс Қасымбек есеп берді
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жеңіс Қасымбек елорданың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берді.
Қаладағы барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалатынын айтты:
- инвестиция көлемі 632 миллиард теңгеден асқан. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,2 пайызға артық;
- өңдеу өнеркәсібі, медицина, білім, көлік және логистика салаларындағы жобалар белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр;
- мектеп, қолжетімді баспана, медициналық орталықтар құрылысы, апатты жағдайдағы ескі үйлерді бұзу, тұрғын үй алаптарын дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру мәселелері жөнінде баяндады:
- биыл 20-дан астам мектеп пен 4500 орындық 6 студенттік жатақхана салынады;
- елордада 170 аула мен қоғамдық орын, атап айтқанда саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар абаттандырылып, 70-ке жуық көше жөнделеді;
- 16 мыңнан астам үлескер-отбасының 15,5 мыңы баспаналы болған. Қалған үлескерлер пәтерлеріне осы жылдың соңына дейін қоныстанады;
- биыл «Тельман» газ жылу станциясының бірінші кезегін, «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезегін, сондай-ақ 3-ші ЖЭО-ның көмірмен жұмыс істейтін бөлігін іске қосу жоспарланып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, шаһарды абаттандыру, сондай-ақ V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықты пысықтау жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
Көп оқылған
18.04.2026, 08:10
Даулы «Қыз Жібек» қамзолы: министрлік тексеріс бастаса, Баян Алагөзова көпке жауап берді
18.04.2026, 11:12
Шымкентте Әуезов университетінің сегіз қызметкері сотталды
18.04.2026, 12:29
Семейде жүргізуші көлікті басқара алмай, жаяу жүргіншіні қағып кетті
18.04.2026, 10:38
Астанадағы қайғылы өрт кезінде үш баласынан айырылған әйел есін жиды
Редактордың таңдауы
16.04.2026, 14:32
FlyArystan: Шымкент әуежайында итті қағып кеткен ұшақ сынып қалған