25.07.2024, 11:57
Қоғам
Тоғыз жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Ол 2015 жылы ауыр қылмыс жасаған
Түркістан облысында 9 жыл бойы халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Арыс аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген жергілікті тұрғынды анықтады. Осылайша, полицейлер Сайрам ауданындағы жалдамалы пәтердің бірінде іздеуде жүрген 35 жастағы қылмыскерді ұстады», - деп мәлімдеді полиция.
Оның 2015 жылдан бері қарумен ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүргені анықталды. Ер адам қазір қамауда отыр. Тергеу барысында күдіктінің қылмысқа қатысы толық дәлелденіп, жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:26
«Бейіт басында жалғыз қалды»: Сәкен Майғазиевтің анасын жерлегеннен кейінгі халі жұртты жылатты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды